ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ӘДІСПЕН 800 ТОННАДАН АСТАМ ТАБИҒИ УРАН ӨНДІРІЛДІ

04.08.2026, 00:50
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ӘДІСПЕН 800 ТОННАДАН АСТАМ ТАБИҒИ УРАН ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысында экологиялық қауіпсіз әдіспен 800 тоннадан астам табиғи уран өндірілді.

      Түркістан облысы – Қазақстан әлемдегі жетекші уран өндіруші елдердің бірі ретінде атом өнеркәсібіндегі стратегиялық әлеуетін тұрақты түрде нығайтып келеді. Елдегі уран өндірісінің толық технологиялық тізбегі – кен өндіруден бастап атом энергетикасына қажетті өнім шығаруға дейін – халықаралық талаптарға сай жүзеге асырылуда.

       Түркістан облысындағы «Батыс Мыңқұдық» кенішінде табиғи уранды өндірудің ең тиімді әрі экологиялық қауіпсіз тәсілдерінің бірі – жерасты ұңғымалық шаймалау әдісі қолданылады. Бұл технология дәстүрлі ашық карьер қазуды қажет етпейді: арнайы ерітінді шамамен 350 метр тереңдікке жіберіліп, тау жынысынан уранды ерітіп, жер бетіне шығарады. Нәтижесінде жер бедері сақталып, қоршаған ортаға әсер барынша азаяды. Кәсіпорында өндірістік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау басты басымдықтардың бірі болып табылады.

         Заманауи технологиялық шешімдер өндіріс процесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, халықаралық экологиялық стандарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

       «Жерасты ұңғымалық шаймалау – бүгінгі таңда ең тиімді әрі экологиялық қауіпсіз әдістердің бірі. Бұл технология Қазақстанда ғана емес, әлемнің бірқатар елдерінде кеңінен қолданылады», – дейді кеніштің геология-геотехнологиялық қызметі бастығының орынбасары Айгерім Дүкенбаева.

       Өткен жылы «Батыс Мыңқұдық» кенішінде 800 тоннадан астам табиғи уран өндірілді. Өндірілген шикізаттан уранның шала тотығы-тотығы (U₃O₈) дайындалып, атом энергетикасы саласына арналған экспорттық өнім ретінде Азия, Еуропа және Америка елдеріне жөнелтіледі. Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша жаһандық көшбасшылық орнын сақтай отырып, қауіпсіздік, технологиялық тиімділік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына негізделген тұрақты өндірісті дамыту бағытын жалғастырып келеді.

         Қазақстанда уран өндіру ең экологиялық қауіпсіз және ең аз шығынды әдісі болып табылатын жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен ғана жүргізіледі. Қазақстан әлемдік уран өндірудің шамамен 40%-ын өндіреді. 2021 жылы уран өндіру көлемі 21,8 мың тоннаны, 2022 жылы — 21,3 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген барлық уран әлемдік нарыққа, бірінші кезекте Қытайға, Францияға, Ресейге, Канадаға және т.б. экспортталады. Уран өндіру ядролық отын циклының бастапқы сатысы болып табылады.

        Еліміздегі алғашқы өнеркәсіптік «Қордай» кен орны 1951 жылы барланған. Ал 1960 жылдардың соңында Қазақстанның оңтүстігінде «Шу-Сарысу», «Іле» және «Сырдария» уран кеніштері анықталды. Бұл аумақтар уран қоры бойынша әлемдегі ең ірі өңірлерге айналды.

        Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансындағы уранның көлемі – 450 000 тоннадан астам. Ол барлаудан өткізілген 26 кен орнын құрайды. Соның ішінде 14 кен орнында «Қазатомөнеркәсіп» жұмыс жүргізеді.

       Уран өндірудің негізгі әдісі – жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) деп аталады. Бұл әдіс әлемде алғаш рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қолданылып, 2017 жылы жер шарындағы уран өндірісінің 50 пайызы осы әдіспен өндірілді.

       Айта кету керек, бұл әдістің кең тарауының басты себептердің бірі – оның қарапайым, қауіпсіз, әрі арзан болуында. Соның арқасында еліміз кен орындарын игеру барысында уранның өзіндік құнының ең төмен көрсеткішіне қол жеткізген. Уран кен орындарын шахталық және карьерлік әдістерге қарағанда, ұңғымалы шаймалау әдісімен игерудің жер қыртысына теріс әсері жоқ деуге де болады. Сала мамандары өндіріс салдарынан жердің шөгіп, топырақ бұзылмайтынын және жердің бетінде үйінділер қалмайтынын айтады. Ұлттық электр желісінің жоқтығына қарамастан, Қазақстанның солтүстік аймақтарында электр энергиясы Ресейден, ал оңтүстігінде – Өзбекстан мен Қырғызстаннан келеді.