Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы болып тағайындалды

Жаңалықтар
08.09.2016, 21:17

20160908180421Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

***

«К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін.

Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                              Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 қыркүйек

Сұхбат

PhotoRoom