АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жаңалықтар
31.01.2024, 18:18
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Ашық есік» күні өтті.
Шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 150-ге жуық жастар жиналды. «Ашық есік» күніне келген жастарды Рухтастар күтіп алып, партияның қоғамдық қабылдау бөлімімен және «Кітап-Amanat» дүкенінің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар бір арнаға жинап, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар, «AMANAT» партиясы ШҚФ саяси бөлімінің басшысы Байқонысов Ербол, белсенді Рухтастар Тұрысбек Бахытжан және Байжігіт Ерсұлтан жастарға партияның тарихынан, құрылымы және жобалары туралы ақпарат берді.

Сұхбат

PhotoRoom