Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жайы мен даму перспективалары талқыланды

Жаңалықтар
24.05.2024, 14:58

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинмен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жайы мен даму перспективалары талқыланды

Кездесуде халықаралық және аймақтық мәселелер тақыланып, аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық жағдайын зерттеуде Қазақстан Президентінің 46-шы Сингапур лекциясында сөз сөйлеуі өзекті екені айтылды.

Сингапурдың аға министрі Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы  Тео Чи Хинге елімізге іс-сапары барысында сатып алған «Беласу. Дипломатиялық очерктер» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына өзінің қолтаңбасын берді.

Сұхбат

PhotoRoom