Қазақстан-Түрікменстан: стратегиялық серіктестік қатынастары нығаюда

Жаңалықтар
28.05.2024, 16:27

Екі ел арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовтың кездесуінде талқыланды.

Қазақстан-Түрікменстан: стратегиялық серіктестік қатынастары нығаюда

Келіссөзде соңғы жылдары елдер арасындағы қатынастар жаңа деңгейге көтерілгенін сөз етіп, ынтымақтастықтың арқасында соңғы бес жылда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге асқанын, оның ішінде 2023 жылы бұл көрсеткіш 28%-ға өсіп, 563 млн АҚШ долларына жеткені айтылды.

Министрлер энергетика саласындағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Осы бағыттағы жемісті өзара іс-қимылды дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес, биыл Астанада Түрікменстанның мәдениет күндері, ал Ашхабадта Қазақстанның мәдениет күндері жоспарланғанын талқылады.

Астанаға ресми сапармен келген Рашид Мередов Түрікменстан әрқашанда қазқ елінің бастамаларына қолдау көрсететінін айта келе, бүгінгі кездесу екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіре түсетініне сенім білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom