Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық кешенін дамыту мәселелері талқыланды

Жаңалықтар
04.10.2016, 12:57

8578ef1a-af17-4b93-a39c-39e44f7297d0Бүгін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XIII өңіраралық форумы аясында «Бизнестің қажеттілігін тиімді қамтамасыз ету контексіндегі Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық кешенінің дамуы» тақырыбында панельдік сессия өтті,-деп жазады ҚазАқпарат.

Шара барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың автомобиль, темір жол, теңіз және әуе көліктері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы автомобиль жолдарын дамыту сияқты негізгі мәселелер талқыланды.

Жиында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстанның темір жолы мен автомобиль жолдарының Ресейдің ірі шекаралық аймақтарына шығуы қамтамасыз етілгендігін атап өтті. Олар Қазақстан мен Ресей арқылы Қытайдан Еуропалық одақ елдері мен Парсы шығанағына  шығатын жолаушылар мен жүк тасымалының артуына мүмкіндік туғызатын халықаралық көлік дәлізі саналады.

Отырыс қорытындысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Ресей автомобиль жолдары» мемлекеттік компаниясы мен «РТ-Инвест көлік жүйесі» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда екі ел арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Қазақстан мен Ресей арасында 29 ұшу бағыты қамтылған.

Сұхбат

PhotoRoom