Байконурдан Байқоңырға...

Жаңалықтар
03.08.2014, 12:16

Ресей қаржы министрлігі 2016 жылдан бастап «Байқоңыр» ғарыш айлағын қаржыландыруды тоқтатады, деп хабарлайды «Известия» газеті Ресейғарыш басшылығы өкіліне сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Байқоңыр» халықаралық ғарыш айлағы 1955 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Онымен бірге Байқоңыр қаласын Ресей Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған.

Басылымның хабарлауынша, соңғы екі аптада 2016-2018 жылдарға арналған федералдық бюджет жобасында зымыранды-ғарыштық саланың күйі нашарлап кеткен. Қаржыландыруды тоқтату «Восточный» ғарыш айлағын салуға қаражаттың жұмсалуымен байланысты болу мүмкін.

«Бюджет жобасының 2016 жылға арналған алдыңғы нұсқаларында Байқоңыр үшін 2,5 млрд. рубль субсидия қарастырылған болатын. Ол ондағы қызметкерлерге жалақы төлеу мен нысандардың жұмысын қаржыландыруға жұмсалуы тиіс еді. Біз бұдан көбірек қаражат сұрадық. Алайда қаржы министрлігіндегі өкілімізге жобаның соңғы нұсқасын көрсеткенімізде, онда ешқандай қаражат көлемін белгілемеген», - дейді Жерүсті ғарыштық инфрақұрылымдарды пайдалану орталығының бас директоры.

Сондай-ақ ол мұның негізгі ғарыш айлағындағы барлық ұжымдардың мамандарын қаржыландыру болмайтынын білдіретінін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom