Президентке ұсыныс әзірленеді

Жаңалықтар
07.08.2014, 15:09

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысына Қазақстандағы кәсіпкерліктің хал-ахуалы туралы баяндама ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi.

«Келесі жылы сәуір айында Ұлттық инвесторлар кеңесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысына Қазақстандағы кәсіпкерліктің хал-ахуалы туралы баяндама ұсынады деп жоспарлануда. Онда жергілікті жерлердегі әкімдердің рейтингі, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға берген бағасы, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру деңгейі қамтылады. Қазіргі уақытта ондай ұжұмыс жасалуда. Ілкі жоба ретінде Ақмола және Қарағанды облыстарында іскерлік климаттың деңгейі сарапталуда», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына  жер-жерден кәсіпкерлердің 15 мыңға тарта арыз-шағымдары келіп түскен. Оның 3 мыңы палатаның орталық аппаратына жолданыпты. Айта кету керек, соның ішінде 4/1-і кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға қатысты. Ең көп сауал жер қатынастарына қатысты түсіп жатыр.

«Жерге байланысты аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктердің заңсыз әрекеттеріне көңіл толмаушылық бар. Жерлердің үлестірілу процесінің ашық өтпеуіне қатысты шағымданады. Дегенмен6 бұл мәселе кеше Б. Сағынтаевтың баяндамасында атап көрсетілгеніндей, шешімін табатын болады. Күзде заңға жаңа өзгерістер енгізіледі. Жаңа заң бойынша, кәсіпкер немесе жеке тұлға жер телімін алуға электронды түрде өтініш тастайды және мемлекеттік органдармен бетпе-бет түйіспейді. Бас жоспараға сәйкес келе ме, келмей ме, бос жер телімі бар ма, жоқ па, инфрақұрылым жүргізілген бе, монополистермен арадағы келісім жүргізу - осының барлығын әкімдіктің жер қатынастары жөніндегі бөлімі айналысады. Электронды өтінішке бір айдың ішінде жауап қайырулары тиіс», - дейді А.Мырзахметов.

Сұхбат

PhotoRoom