Газада тұтас аудандар жер бетінен жойылып жатыр

Жаңалықтар
07.08.2014, 22:55

Израиль армиясының бір ай ішіндегі әскери операциялары барысында Газа секторындағы мыңдаған нүктені нысанаға алған. Солардың бірі - Газа қаласының шығысында орналасқан Шеджайя.

Израиль жағы бұл ауданды жауынгерлер зымыранмен атқылағанын нақытылап отыр. Әуеден берілген соққылар нәтижесінде ауданның бірнеше кварталы толығымен жер бетінен жойылып кеткен. Шеджайя тұрғындары бас сауғалайтын жер таппай отырғанын айтады. Палестина басшысы Махмұд Аббас Газа секторын гуманитарлық апатты аумақ деп отыр. Жергілікті халық "араб елдері бізге назар аударуы тиіс. Бәрі мамыражай өмір сүріп жатыр. Біз басқалар сияқты адам емеспіз бе? Біздің енді үйіміз де жоқ. Бұл 3 жылдың ішіндегі 4-ші соғыс" дейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссары Газа секторындағы қылмысқа Халықаралық сот назар аудару керектігін айтады. Бір ай ішінде Газада 1800-ден астам палестиналық өлім құшқан. Оның басым көпшілігі бейбіт тұрғындар.

Сұхбат

PhotoRoom