Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұттық телекөпір өтеді

Жаңалықтар
06.12.2016, 11:26

%d0%bb%d0%b0%d0%bbБүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында ҚР Үкіметі мен облыс әкімдерінің Мемлекет басшысымен есептік кездесуі өтеді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде индустрияландыру бағдарламасы аясында нысандардағы өндірісті және жобалар құрылысын іске қосады.

Сондай-ақ, сапа саласындағы жетістіктер үшін «Алтын сапа» ҚР Президентінің Сыйлығын табыстау салтанаты, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтеді.

Астанада Индустрияландыру күні шеңберінде құрылыс материалдарын өндіруші заманауи зауыт іске қосылады деп күтілуде. Зауыттың өндірістік цехы 5 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Жобаның мақсаты - бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өндіріс құру.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom