Қандай министрліктер құрылуы мүмкін?

Жаңалықтар
12.12.2016, 11:05

articles_1809Жақында forbes.kz экономист Айдархан Құсайыновтың кітабынан үзінді келтіріп, "Мемлекеттік басқару құрылымындағы өзгерістер" деген тарауын ұсынған болатын. Дәл қазір бұл тақырып өзекті болып отыр. Елбасы 6 желтоқсан күні өткен жалұлттық телекөпірде Сыртқы істер және сауда министрлігі құрылу қажеттігін айтқан болатын. "Сыртқы сауда мен инвестиция бірге болуы керек. Қарап отырсам, бізде сауда басқа министрлікте, инвестиция басқа министрлікте екен. Бұлай болмайды. Үкімет мұны қайта қарауы тиіс. Әлемде бар тәжірибеге сәйкес, Сыртқы істер және сауда министрлігі құрылуы қажет" деген болатын.

2017 жылдан бастап үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Тіпті, бүгін Үкімет отырысында осы мәселе қайта қаралып, туризм мен спорт бірігіп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлінеді деген хабар бар. Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек министрлігі болып өз алдына дербес ведомство болады деп күтілуде. Ал, туризм болса бізде әлі нақты орнын таппаған сала. Келер жылы Экспо-2017 бүкіләлемдік көрмесі өтеді. Осының қарсаңында туризм саласына Үкімет көбірек ден қойып, Спорт пен турзим қайта бірігеді-мыс. Инвестиция саласы да жақында қайта қаралып, Елбасы айтқандай Сыртқы істер министрлігіне берілуі мүмкін.

"Сайгез-ақпарат" 

Сұхбат

PhotoRoom