Кәрім Көкірекбаев: Қазақстан мемлекет ретінде өзінің қуаты мен өміршеңдігін көрсетті

Аймақ
02.12.2016, 14:58

kok-1Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жамбылдықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтады. «Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы және ол қазақстандықтар да халықаралық қауымдастық өкілдері де қолдаған жаһандық бастамалардың жол сілтеушісі»,-делінген құттықтауда. «1991 жылдың 1 желтоқсанында ел тарихындағы бүкілхалықтық сайлауда қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Президентін сайлады. Осы күннен бастап, Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігінің арқасында тәуелсіздік туы биікке көтерілді. Конституция талаптарын қатаң ұстанып, мемлекеттік рәміздерді қастерлей отырып, біз мемлекет өмірінің барлық салаларын дамыту бойынша бастамаларды сәтімен жүзеге асырып, елімізді биіктерге жетелей білдік»,-дейді өңір басшысы сөзінде. Көкірекбаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи сәттерін еске ала отырып, Қазақстанның президенттік басқару жүйесін таңдағандығын айтады. 25 жылдың ішінде еліміздің ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттары айқындалды. Мемлекет башысының көрегендігінің арқасында Қазақстан Орталық Азия мен ТМД аймағында көшбасшы мемлекетке айналды. Қазақстан заманға сай қарқынды дамып келе жатқан ел болды. «Елбасы Қазақстан дамуының басты ерекшелігі - бейбітшілік пен тұрақтылық деп есептейді. Биылғы жылы Тәуелсіз ел болғанымызға 25 жыл толады. Қазақстан өзінің даму жолында жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. 25 жылдағы жетістік Қазақстанды болашақта жаңаша бағытта дамытуға жол ашты. Өзге мемлекеттер әлемдік дағдарыстың шырмауынан шыға алмай отырғанда Қазақстан өзінің 2050 жылға дейінгі даму жолын нақтылады. Осы арқылы өзінің қуаты мен өміршеңдігін көрсетті»,-деп қорытты сөзін облыс басшысы.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom