Халықаралық университет ашылады

Аймақ
19.04.2023, 14:32
Халықаралық университет ашылады

Түркістан облысында IT саласының мамандарын даярлайтын халықаралық университет ашылады. Рухани шахарға келген АҚШ-тың «Пенсильвания» оқу орнының деканы Стивен Барнс аймақ басшысына осындай ұсынысын білдірді. Өз кезегінде Дархан Амангелдіұлы ұсынысқа оң пікір білдірді.

 

АҚШ-тың Пенсильвания университеті Түлектер бағдарламалары және халықаралық бағдарламалар жөніндегі деканы Стивен Барнс Түркістан қаласына алғаш рет табан тіреп отыр. Ол облыс әкімімен өткізген кездесуінде құрылғанына 5 жыл болған өңірдің дамуына үлесін қосқысы келетінін жеткізді. Америкалық азамат рухани шахардан жаңа оқу орнын ашуды ұсынды.

 

Стивен Барнс

АҚШ-тың «Пенсильвания» оқу орнының деканы

- Мен Пенсильвания университетінде жұмыс істеймін. Үндістандағы Ұлттық сот сараптамасы университетімен тығыз байланыстамын әрі құрылтайшыларымен бірлесе жұмыс атқарып жүрмін. Халықаралық деңгейдегі келіссөздеріне көмектесемін. Футбол тілімен айтқанда, білім мен ғылым саласындағы үздіктерді іздейтін скаутпын. Түркістанға келу мақсатым – Үндістанның сол жетекші оқу ордаларының бірінің филиалын Түркістанда ашуға көмектесу.

 

Америкалық қонақ білімді ұрпақ тәрбиелеу, сапалы білім жүйесін дамыту оңай шаруа емес екенін жеткізді. Дегенмен, Түркістанда оқу ордасының филиалын қысқа уақытта ашу мүмкіндігі бар екенін көріп тұрмын деді. Сондай-ақ, арнайы ғимараты бөлінсе, университет өз филиалын ашуға, мамандарын уақытша жіберуге және қазақстандық оқытушылардың біліктілігін көтеруге дайын екенін де жасырмады. Өз кезегінде облыс әкімі ұсынысқа қолдау білдірді.

 

Пенсильвания Ұлттық сот сараптамасы университетінің негізі 18 ғасырда қаланған. АҚШ-тың жеке зерттеу университеті саналатын әлемдегі жетекші оқу ордаларының бірі.

Сұхбат

PhotoRoom