Атырау облысында бір үйдің екі баласы каналға құлап кетті

Аймақ
16.03.2023, 22:16

Үлкені оны құтқармақ болған

Атырау облысында бір үйдің екі баласы каналға құлап кетті
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында 6 жасар бала канал суына батып кетті, деп хабарлайды Ақжайық.

14 наурызда Құрманғазы ауданы Бірлік ауылында ағайынды 6 және 9 жасар екі бала су толы Щучий каналы бойында ойнап жүріп, байқаусызда кішісі құлап кеткен.

Үлкені оны құтқармақ болғанымен, ол да бата бастайды. 

Имашев атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары көмекке келіп, оларды шығарып алған. Алайда 6 жастағы баладан тіршілік нышаны сезілмейді. Ол оқиға орнында қайтыс болады. Ал ағасы аудандық ауруханаға жеткізілген. 

Аудан дәрігерлері оның жағдайы бірқалыпты, жақсы екенін хабарлады.

Аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom