Жылдық қуаты 25 млн. тонна кен өндіретін Ақтоғай комбинаты іске қосылды

Рейтинг
06.12.2016, 11:32

3«Ақтоғай комбинатында мыс сульфидті кенді қайта өңдеу бойынша фабриканың құрылысы аяқталғанын мәлімдейміз. Оның жылдық қуаты 25 млн. тонна кенді құрайды. Катодты эквивалентте жылына 90 мың тоннан мыс өндіріледі. Салынған инвестициялар көлемі 2 млрд. доллардан астам. Өндірісте 1500 адам жұмыс істейтін болады.

Құрметті Елбасы! Фабриканы іске қосуға рұқсат етіңіз!» -деді KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Олег Новачук Индустрияландыру күні аясындағы телекөпір барысында.

«Бұл - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында іске қосып отырған ең ірі кәсіпорын. Сонымен қатар осы алып өндіріс Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасып отыр, бұл жерде осындай кәсіпорын болмаған еді. Мен өте қуаныштымын. Жақында сіздердің кәсіпорындарыңызға баратын боламын»,-деді Президент аталған өндірісті іске қосу барысында.

Сұхбат

PhotoRoom