Бүгін Отан қорғаушы күні қарсаңында Өскеменде Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.
Шараға қатысқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев әскери қызмет ардагерлерін, офицерлер мен жауынгерлерді мерекемен құттықтай отырып, ел тыныштығы жолындағы қызметтері үшін алғысын білдірді.
– Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы барша қазақстандықтар үшін үлгі-өнеге. Біз, батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Елімізді қорғау - әрбір азаматтың парызы, әрі міндеті. Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен әскери салаға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді, – деді аймақ басшысы.
Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан шараларда белсенділік танытқан бірқатар қызметкерлерге алғыс хат табыстады.