«Темекісіз Қазақстан» бағдарламасының мәні

Рейтинг
13.12.2025, 20:02
«Темекісіз Қазақстан» бағдарламасының мәні

Халықаралық орталықтардың мәліметінше жыл сайын темекіден әлем бойынша 7 миллион адам өлімге душар болады екен. Ал олардың 900 мыңы шылым тартпайтын, тек темекі түтінімен демалғандарының салдарынан бақилық болады. Бұл деректерді еліміздің Қазақ онкология институтының мамандары да растап отыр. Аталмыш институттың бас директоры Диляра Қайдарованың айтуынша, қатерлі ісік дертіне әкелетін бірден-бір себеп темекіге тәуелділік екен. Оның сөзінше, қазір Қазақстанда өкпе қатерлі ісігі алдыңғы сапта тұр.

          Әлемде 1 миллиардтан астам шылымқорлардың 80%-ға жуығы темекі шегумен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің ең ауыр ауыртпашылығы тиесілі табыс деңгейі төмен және орташа елдерде өмір сүреді. Әлемде өлім-жітімнің басқа кез келген себептеріне қарағанда, жүрек-қантамыр ауруларынан көп адам қаза табады, ал темекі шегу мен темекі түтінін қайта жұтудың әсерінен жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім дерегінің шамамен 12%-ы тиесілі. Темекі шегу жоғары қан қысымынан кейінгі жүрек-қантамыр ауруларының екінші себебі болып табылады.

     2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның серіктестері темекі шегумен байланысты денсаулыққа төнетін қауіп-қатер мен темекі тұтыну деңгейін төмендету бойынша тиімді саяси шараларға назар аударту мақсатында Дүниежүзілік темекісіз күнді «Темекі және жүрек аурулары» ұранымен  өткізеді. Осған орай Қазақстанда да «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» атты шаралар ұйымдастырылып келеді.

          Жалпы, мақсаты мен міндетіне жүгінсек, «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» ұлттық бағдарламасының міндеті - шылымқорлықпен күрес бойынша қарқынды науқан, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық өрісті құру, темекіден бас тартуға көмек көрсету, темекі түтінінен азат ортаны қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау мен нығайтуға қоғамдық жағымды пікірді қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдарына бағдарламаларды жариялау, балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу және халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау шеңберінде шылымқорларды анықтау мен әрі қарай профилактикалық Денсаулық мектептерінде темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартуға қолдау көрсету.

        Қазақстанның мұндай ұлттық бағдарламын қолға алып отырғанына қатысты әлеуметтанушы маман Аймара Тілеукина былай дейді:

 

        – Республикалық деңгейде мұндай ұлттық бағдарламалардың қолға алынуын өз басым қолдаймын. Алдағы уақытта бұл бағдарламаларды өңірлерде, алыс ауылды-аймақтарда орындалуын қадағалау керек. Аудандық, ауылдық Денсаулық сақтау басқармалары, МСАК ұйымдары, салалық қызметтер, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының ҚДСК департаменттерінің қызметкерлері бірлесе отырып жұмыс жасаса, бұл өз нәтижесін беретін бағдарлама. Мұндай бағдарламаларын ұлт денсаулығы үшін қажет. Осындай бағдарламалардың нәтижесінде 2018 жылдан бері еліміздегі шылымқорлардың саны 30 пайызға азайғаны белгілі болып отыр. Сондықтан аталмыш бағдарламалар өміршең болуы керек, –  деді әлеуметтанушы.

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 159-бабының 5-бөлігіне сәйкес темекі өнімдеріне тыйым салынған орындарды да нақтылап қойдық. Мысалы, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда; денсаулық сақтау ұйымдарында; қоғамдық тамақтану орындарында; кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда; мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде; поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде, бұдан басқа тағы бірқатар орындарда темекі шегуге болмайды. Біз мұндай шараларды халықаралық тәжірибеге сүйене отырып алдық. Қоғамдық орындарда темекі шеккендерге 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанған жағдайда 6 АЕК айыппұл салынады.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom