БҰҰ: әлем 1945 жылдан кейінгі ең ірі дағдарысты өткеріп жатыр

Жаңалықтар
11.03.2017, 23:41

8Әлем 1945 жылдан кейінгі ең үлкен дағдарысты өткеріп жатыр деп мәлімдеді БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Стивен О'Брайен. Оның сөзінше, 20 миллионға жуық адам аштық қаупімен бетпе бет кездескен. Әсіресе Йемен, Оңтүстік Судан, Сомали мен Нигерияда жұрт аштық зардабын тартып отыр.

О'Брайенның айтуынша, жақын бес айда бұл елдерге төрт жарым миллиард долларға жуық соманың гуманитарлық жәрдемін жеткізу қажет. Ол жәрдем көрсетуге қарулы жанжалдар мен соғысушы тараптардың гуманитарлық ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеуге құлық танытпауы кедергі келтіретінін айтады.

Қаңтарда Стивен О'Брайен Йеменде жаппай ашаршылық басталып кету қаупі бары туралы мәлімдеген. Арада бір ай өткенде БҰҰ Оңтүстік Суданның бірнеше ауданында жаппай ашаршылық ахуалы қалыптасқаны туралы жариялады. Қазіргі уақытта бұл аймақта аштықтан өлуге айналған жүздеген мың адам бар.

azattyq.org

Сұхбат

PhotoRoom