Алматы облысында пранк- акция өтті

Жаңалықтар
20.04.2017, 13:18

sarbaz_4Биыл ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл. Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі осы айтулы шараға орай облыс орталығында «Ел қорғайтын сарбаз бол!» атты пранк-акция ұйымдастырды. Яғни, қаннен-қаперсіз өз алдына кетіп бара жатқан жастарға тосыннан микрофон ұсынылып, оларға әскер, Отанды қорғау, патриотизм тақырыбында сауалдар қойылды. «Әскер қатарына баруға дайын емеспін әзір», - деген жауап алынса, оны аяқастынан пайда бола кететін екі әскери қызметкер еркінен тыс жетектеп ала жөнеледі. Бұл туралы

Акция барысында жігіттерге әскери мамандар тарапынан әскердің мән-маңызы, талап-міндеті егжей-тегжейлі түсіндіріліп, оған қосымша ақпараттық буклеттер ұсынылды. Бұл акцияның ерекшелігі сонда, ондағы осы іс-әрекеттер түгел жасырын камерамен түсіріліп тұрды. Демек, барлық іс-әрекет шынайы болды деген сөз.

- Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталғаны баршамызға аян. Еліміздің ертеңі саналатын бозбалалар Отан қорғауға дайын ба, ынтасы қай деңгейде? Қуанышқа орай, пранк-акция кейіпкері болған 30-ға жуық жігіттің бәрі әскери борышын өтеуден еш қашпайтындықтарын, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, елдің амандығын, шекараның бүтіндігін қалайтындықтарын білдіріп жатты, - дейді пранк-акция жобасының авторы Ерасыл Толымбекұлы.

Жаңа форматтағы акцияға Қазақстанның белгілі пранкерлері, танымал «Jokeasses» блогерлер командасы шақырылып, Алматы облысының Қарулы күштері дапартаменті мамандары да қолдау көрсетті.

Сұхбат

PhotoRoom