Банк секторын сауықтырудан не күтуге болады?

Жаңалықтар
28.04.2017, 18:47

26Ұлттық банк қаржы секторын сауықтыруды мықтап қолға алды. Оның ішінде банк секторына көбірек көңіл бөніледі. Сауықтыру шараларынан кейінгі банк секторы қандай болмақ деген сауалға сарапшылар жауап берді.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ары қарай банк секторындағы проблемалардың “бетін жауып”, қаржылық есептегі көптеген сауалдарды ескерусіз қалдыру дұрыс еместігін айтады.

«Депозиторлар мен экономикалық агенттер болашақта банк секторының белсенділігі артады және кредиттеу процесі кеңейе түседі деп есептейді”, — деді ол. Осыған байланысты қаржы реттеуші жыл басында банк секторын сауықтыру жоспарын жасаған еді.

Қазір нарықтың ең басты проблемасы — қарыз портфелінің сапасы болып отыр. “Біз жұмыс істемейтін кредиттердің жалпы көлемін 600 млрд теңгеге бағалап отырмыз. Бірақ басқа да қайта құрылымдалған кредиттер 3 трлн теңгеге жетті. Біз оларды стресс жағдайындағы кредиттер деп айтамыз”, — деді Fitch рейтинг агенттігінің сарапшысы Роман Корнев. Бұл туралы сарапшылар бірінші рет айтып отырған жоқ. Олар негізінде проблемалы кредиттердің көлемі ресми цифрлармен салыстырғанда едәуір көп екенін жиі айтатын. Демек, Олег Смоляковтың айтуынша, проблемалы кредиттер банктердің қарыз портфелінің 7,3 пайызын құрайды, ал қайта құрылымдалған қарызда, яғни стресс жағдайындағы қарыздар 15-17 пайыз.

Осылайша, “Қазақстандағы банк секторын үлкен өзгерістер күтіп тұр, нәтижесінде банк секторы іріленіп, бірнеше қаржы институттарының мәселелері шешімін табуы мүмкін”, — дейді рейтинг агенттігінің сарапшысы. Ол осыған байланысты Ұлттық банктің бақылау қызметі күшейіп, банктердің кредит берудегі талаптары жоғарылайытынын айтты.

Банк капиталы жоғары деңгейде болуы қажет

Ұлттық банк төрағасының орынбасары қаржы реттеушісі сауықтыру шараларынан кейін банк капиталы сапасының жақсаруын күтуге болатынын айтты. Реттеуші банктердің капиталы жоғары болғанын қалайтыны түсінікті. Оның сөзіне сенсек, қазір бұл көрсеткішті барлығы дұрыс бермейді, себебі жасырын проблемалары бар.

Қаржы реттеуші банктерді тәуелсіз бағалау процесін жүргізбек, нәтижесінде сауықтыру үшін нақты қандай сома қажет екендігі белгілі болады. Банк акционерлері сауықтыру үшін барлық қаражатты мемлекет бөледі деп үміттенбей-ақ қойсын. Енді олар банк капиталын ұлғайту үшін өз ақшаларын “қоятын” болады.

Егер институт иелері өз қаражатын салуға дайын болмаса, басқа инвестор табуына немесе басқа банкпен бірігуіне тура келеді.

Дегенмен Ұлттық банктегілер консолидацияның нәтижесінде ымыраластық пайда болып, шығындар қысқарып, табыс көлемі ұлғаятынан айтады. Бұл консолидацияның басты талабы болмақ.

Жоғары рейтинг

Ulagat Consulting Group консалтингілік компаниясының директоры Марат Қайырленов алдағы екі жылда банк секторының үлесі  ЖІӨ-ге шаққанда қысқаруы мүмкін екендігін айтады. Сонымен бірге, банк штаттары да азаяды, себебі банктер шығындарын азайтуы қажет, бұл қызметкерлерге де қатысты.  Одан бөлек автоматтандыру процесі де белең алып келеді. Ол еңбек нарығынан адамның жұмыс күшін ығыстыратыны белгілі. “Банктер алыстан басқарылатын арналарды көбейтіп жатыр. Біздің есебіміз бойынша қазір банк қызметтерінің үштен бір бөлігі алыстан қызмет көрсету арналары арқылы жүзеге асырылады”, — деді Марат Қайырленов.

Бағдарлама аяқталғанда халықаралық рейтинг агенттіктерінің бізге берген бағасы жақсаруы мүмкін. “Бұл біздің дағдарыстан шыққанымызды көрсететін жағдай болмақ. Бірақ ол үшін депозиттердің тұрақтылығы мен басқа да қазіргі проблемалы мәселелер шешімін табуы қажет”, — деді экономист. Оның айтуынша, бес жыл бойы сырттан қаржы тарту үшін, кредиттеуді  секьюриттеу (бағалы қағаздарды кредит капиталының жанама құралы ретінде пайдалану) жолға қойылуы керек.

Бірігу

«Альпари» компаниясының сараптама департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова ең біріншіден банк секторы активтерінің сапасы жақсарады деген ойда.

“Процесс барысындағы келесі қадам, менің ойымша, кредиттік ұйымдарды үлкейту болмақ. Ендігі жерде ірі банктердің көмегіне ие болу үшін проблемалы банктердің арасында белгілі-бір деңгейде бәсекелестік туындауы мүмкін. Бірақ соңында барлығы ұтады деп ойлаймын. Қазақстанның банк секторындағы ойыншылар санының азаюы оның дамуын тежемейді”, — дейді ол.

ҚР ҰБ мәліметтері бойынша, 2017 жылдың басында елімізде 33 банк болды. Ал 2016 жылы доллармен есептегенде Қазақстанның ЖІӨ 123 млрд долларды құрады. Бұл әр банкке шаққанда 3,7 млрд доллар болады.

“Демек, бір жыл ішінде қазақстандық әр банкте 3,7 млрд доллардан көп қаражат айналымда жүреді. Халықаралық сарапшылардың есебінше, егер ЖІӨ көрсеткіші әр банкке шаққанда 3-10 млрд доллар шамасында болса, онда елдегі банктердің саны тиімді деп есептеуге болады”, — дейді Наталья Мильчакова.

Дереккөз: Капитал

Тәржімалаған: 7kun.kz

Сұхбат

PhotoRoom