І тоқсан бойынша Елбасы Жолдауының орындалу барысы қай деңгейде?

Жаңалықтар
05.05.2017, 11:59

Касымбеков Женис Махмудович (18)ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмалардың орындалу барысына қатысты журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

«Министрлікке қарасты негізгі салаларда дамудың оң динамикасы байқалды. Бұл қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары мен әлемдік нарықтағы базалық металдар бағасының тұрақтылығы арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті министр.

Бірінші тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, тау-кен өнеркәсібінде 5,6% артты. Бұл түсті металдар кенін өндіру көлемінің 10,8% және темір кенін өндіру көлемінің 11,4%-ға өсуімен байланысты. Өткен жылдың және биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңдеу саласында 6,5%-ке тұрақты оң өсім болды. Отандық экономикадағы бұл оң үрдіс индустрияландыру саясатының арқасында қалыптасты.

Металлургия өнеркәсібінде ірі кәсіпорындар өндіріс көлемін айтарлықтай арттырды.

Анықтама.

«АрселорМиттал Теміртауда» болат өндірісі 7% (889,5 мың тонндан 951,9 мың тоннаға дейін), «Казхромда» ферроқорытпа 8% (437,3 мың тоннадан 471,3 мың тоннаға дейін),  «Казцинкте» қорғасын өндірісі 10% (33 мың тоннадан 36,5 мың тоннаға дейін), алтын өндірісі 12% (3,8 тоннадан 4,3 тоннаға дейін), сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясында мыс өндірісі 2% (55,4 мың тоннадан 56,4 мың тоннаға дейін), алтын өндірісі 6% (0,85 тоннадан 0,9 тоннаға дейін), «УКТМК» АҚ-да титан құймалары өндірісі 5%-ға өсті.

Индустрияландыру картасы бойынша биыл шамамен 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жобаны іске қосу көзделіп отыр. 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2017 жылдың елеулі жобалары:

1. «Проммашкомплект» ЖШС теміржолға қажетті доңғалақтар шығаратын кешені (Павлодар облысы, 2-жартыжылдықта)

2. Жалпақ шыны өндіретін зауыт (Қызылорда облысы, 2-ші жартыжылдық)

Жалпы сомасы 3,7 трлн. теңге болатын 320 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұларда 36 мың тұрақты жұмыс орындары ашылғын.

Отандық кәсіпорындарды технологиялық модернизациялау үшін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтау бойынша кешенді шараны бекіту жоспарлануда. Бүгінгі күні Министрлік Жол картасын әзірледі.

Консалтингтік қолдау көрсететін шетелдік серіктес ретінде «Fraunhofer» неміс институты мен шведтік сауда және инвестиция жөніндегі «BusinessSweden» Кеңесі тартылды.

Олармен бірлесіп өңдеу өнеркәсібі секторы мен тау-кен секторына Индустрия 4.0 технологиясын енгізу жөнінде дайындықты бағалау методологиясын әзірлеу жоспарлануда (технологиялық деңгей, автоматтандыру дәрежесі және т.б.).

Қазір отандық кәсіпорындарға цифрлық технологияны енгізу жөнінде ағымдағы жағдайға сараптама жүргізудеміз.

Көлік кешені бойынша министр келсідей көрсеткіштерге тоқталып өтті. Көлік қызметінің көлемі 2017 жылғы 1 тоқсанда 3,4%-ға өсті. Жүк тасымалының көлемі 1,1%-ға өсіп, 813 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 5,4%-ға артып, 125 млрд. тонна км-ді құрап отыр. 2017 жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 3 есеге өсіп отыр(63 322 ЖФЭ құрады).

ҚХР – Еуро одақ – ҚХР бағытында контейнерлік тасымал көлемі 1,6 есеге өсті (31 000 ЖФЭ құрады).

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары автожол саласында 1,7 трлн. тенге қаржыға ұзақтығы 4,4 мың км болатын 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

Биыл өтпелі 7 жобаның жұмысын жалғасады. Жыл соңында 602 шақырымда жұмыстарды аяқтау жоспарлануда (Астана-Қарағанды, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Орталық-Батыс, Қапшағай-Талдықорған, Петропавл- РФ шекарасы және Орал-Каменка)

Анықтама:

Орталық-Шығыс – 232 км, Қапшағай – Талдықорған – 24 км, Бейнеу-Ақтау – 230 км, Қордай п. айналып өту – 40 км, Орал-Каменка – 50 км, Ақтөбе-Атырау – 26 км.

Сонымен қатар, Республикалық бюджет қаржысы мен халықаралық қаржы институттарының займы есебінен жалпы ұзақтығы 3,2 мың шақырым болатын 16 жаңа жобаны реконструкциялауды бастау жоспарланған (Ақтөбе – Мақат, Атырау – Астрахань, Құрты – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Балқаш, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Ұзынағаш – Отар, Жетібай – Жаңаөзен, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Бейнеу – Ақжігіт, Қостанай – Денисовка, Щучинск – Зеренді, Астананың Оңтүстік-Батыс айналмасы, Осиновский асуы, Таскескен – Бақты).

Жалпы, автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге 100 мың адам атсалысатын болады.

Министрлікке жүктелген негізгі міндеттердің бірі - халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бағдарлама маңызды міндеттерді шешуге, яғни, алдағы 15 жылда 1,5 млн. отбасын баспанамен қамтамасыз етуге арналған.

фото: mid.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom