Алматы әуежайының табысы екі есеге дейін азайған

Жаңалықтар
12.05.2017, 18:57

232017 жылдың І тоқсанында Алматы халықаралық әуежайының табысы 1 млрд теңге болды. 2016 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 2,2 млрд теңгені құраған. Яғни табыс 2,2 есе азайды. Бұл туралы lsm.kz хабарлайды.

Үш айдағы компания түсімі 11,7 млрд теңгені көрсетті, бұл 2016 жылдан қарағанда 8,3 пайызға көп.

Алайда, жалпы табыс 2 млрд теңгеге (26,8%) дейін қысқарды. Сонымен қатар, операциядан түскен пайда да 2,7 млрд теңгеден 1,4 млрд теңгеге дейін (49,1%) азайды (2017 жылдың І тоқсанында).

Одан бөлек, салық салуға дейінгі пайда 1,4 млрд теңгеге (47,4%) азайды.

Өз кезегінде компания активтері де 2017 жылдың І тоқсанының соңында 69,7 млрд теңге болды. Ол 2016 жылдың 31 наурызындағы көрсеткіштен 0,5 пайызға (70 млрд тенге) төмен.

Ал аталған мерзімдегі капитал 1,5 пайызға немесе 66,4 млрд теңгеге дейін өсті. Дегемен, міндеттемелер 29,3 пайызға (3,3 млрд теңге) қысқарды.

Сұхбат

PhotoRoom