Қазақстанда транзиттік авиажолаушылар саны биыл 600 мыңға жетеді

Жаңалықтар
21.06.2017, 02:06

Қазақстанда транзиттік авиажолаушылар саны өткен  жылы 250 мыңнан 478 мыңға дейін жетсе, биыл олардың саны 600 мыңға жетеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды. Олардың айтуынша,  жолаушылардың негізгі легін Азиядан Қазақстан арқылы Еуропаға және кері бағытта қатынайтындар құрайды екен. 1497260265_article_b_1500_

Халықаралық авиация ұйымы аудитінің ескертулерін жою  бойынша жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2009 жылғы ұшулардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл Азаматтық авиация комитеті еуропалық талаптарды жоспарлы түрде енгізу және азаматтық авиация саласын реттеудің британдық үлгісін басшылыққа алуды көздеп отырған көрінеді.pogudx78c0q17rl9b.c79eb12f

Министрліктің мәліметінше, 2016 жылы Петропавл әуежайының аэровокзалы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту аяқталып, Семей әуежайының терминалы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Сонымен бірге, Ұлт жоспары аясында Алматыда жаңа әуежай салу және әлеуетті инвестор тарту арқылы халықаралық авиация хабын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселесі де пысықталып жатыр екен. photo_141088

Жалпы елімізде 2016 жылы 13 халықаралық бағыт ашылған: Алматыдан Сиань, Шарм-Эль-Шейх (маусымдық), Тегеран мен Самаруға, Астанадан Амстердамға, Ақтаудан Батумиге (маусымдық) және Сочиге (маусымдық), Шымкенттен Ыстамбұл мен Худжандқа, Қарағандыдан Ыстамбұлға, Тараздан Нижневартовскі, Сургут және Худжандқа. Ал, 2020 жылға дейін Астанадан Токиоға, Сингапурға, Шанхайға , Нью-Йоркке  тікелей әуе байланысын ашу жоспарланып отыр. 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom