EXPO қалашығындағы Аргентина күні Латын америкасының биімен басталды

Жаңалықтар
23.07.2017, 20:54

EXPO қалашығындағы Аргентина күні Латын америкасының  биімен басталды. Тангоға мың бұралған жұптың өнері Аргентинаның тағы бір ұлттық биі гаучо-маламбосына ұласты. Аргентинаның Ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсіміне екі елдің ақпарат министрлері қатысты. Дәурен Абаевтың айтуынша, Қазақстан үшін латын-америкалық бұл ел әсем табиғатымен, ұлттық ерекшелігімен және бай мәдениетімен қызықты. Сондай-ақ ведомство басшысы Аргентина павильонына келушілердің қарасы қалың екенін байқады. EXPO аясында бұл мемлекет «Жасампаз энергияға» қатысты тың жобаларын таныстырады. Өз кезегінде Эрнан Ломбарди Астанадағы көрменің өзектілігіне тоқталды. Оның айтуынша, «Болашақ энергиясы» тақырыбы – Аргентина үкіметінің басты бағыттың бірі.12dc3097c168bb84cfae2a9b55c9eb94_L

"Аргентина республикасының ұлттық күнімен құттықтаймын. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесіне ресми қолдау көрсеткені үшін Аргентина республикасына өз алғысымды білдіремін",-деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

– Баламалы қуат көздерін игеруді еселеу үшін энергетикалық ұяқалыпты өзгерту процесі ұзақ болса да, алғашқы қадамдарды бастадық. Біз ғаламшарымыздың болашағына бейжай қарай алмаймыз және жаңармалы қуат көздерін дамыту қажеттілігі мен экономиканы тұрақтандыру арасында алтын көпір салғымыз келеді"-деп атап өтті Аргентинаның БАҚ және қоғамдық пікір федеральды жүйесі министрі Эрнан Ломбарди.

Салтанатты шараға Аргентинаның ғылым және инновациялық өндіріс министрі Лино Баранао да қатысты. Оның ойынша, энергетикалық даму – жаһан алдында тұрған басты тапсырма. Қазақстан мен Аргентина өкілдері «Нұр Әлем» ұлттық павильонын да аралап шықты.

Айта кетейік, Аргентина астанасы Буэнос-Айрес 2023 жылы қаңтар мен сәуір аралығында EXPO көрмесін өткізуге үмітті шаһарлардың бірі. Жобаларына «Цифрлы даму заманындағы шығармашылық индустрия» тақырыбы арқау болмақ.

Сұхбат

PhotoRoom