Елордада оңтүстіктің өнерпаздары Сүгірдің күйін орындады

Жаңалықтар
29.08.2017, 21:06

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы мәдениет күндері аясында этноауылда Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның  қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің  концерті  өтіп жатыр. Мәдени шара Сүгірдің күйлерімен басталды. Оңтүстіктің қолөнер шеберлері жəне суретшілерінің көрмесіне жиналған астаналық тұрғындар мен қонақтар  шертпе күйдің шеберлері Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков  сынды бірқатар  Оңтүстіктен шыққан күйшілердің күйлерін тыңдады. 20170829142341Сүгір атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі 2002 жылы құрылса, 2009 жылы белгілі күйші Сүгір Әліұлының есімі берілген. Бүгінгі таңда оркестрге Өмірбек Қонысбеков жетекшілік етеді. Бас дирижері Ерлан Дәуренбеков.   Құрамында 45 тен астам музыкант қызмет ететін оркестр құрылған күннен бастап, республика, облыс қала көлемінде өткізілетін барлық мәдени іс-шараларға белсене атсалысып, қазақ өнерінің өз биігінен түспеуі үшін өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Оркестр тек қазақ композиторларының шығармаларын ғана емес, әлемдік музыкаларды да ұлттық аспаптардың үнімен үйлестіріп, көрерменнің көңілінен шығуда. Оркестрдің сүйемелдеуімен осы уақытқа дейін КСРО халық әртісі  Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева т.б өнер саңлақтары ән салып, халықтың ыстық ықыласына бөленген бірден-бір өнер ұжымы саналады. Бүгінгі мерекелік концертте 2017 жылғы ұлт көшбасшысы тұңғыш Президент қорының лауреаты және 2017 жылғы Халықаралық Бурса қаласында өткен «Алтын Қаракөз» байқауының  1-ші орын иегері, бірнеше дүркін Халықаралық байқаулардың лауреаты атанып жүрген «Қазына» би ансамблі өнер көрсетіп, күміс көмей әншілер оркестр сүйемелдеуімен ән салды деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom