Шымкентте жаңа 7 мектеп пайдалануға берiлдi

Жаңалықтар
02.09.2017, 14:56

Шымкенттiк оқушылар жаңа оқу жылын зор қуанышпен қарсы алды. Бүгін қалада 7 жаңа мектеп пайдалануға берiлдi. Бес білім ошағы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынған. Олар: - «Сəуле» шағынауданындағы N129 орта мектеп (1200 орынды); - Қайнарбұлақ елдімекеніндегі N125 орта мектеп (1200 орынды); - Жаңаталап елдімекеніндегі N128 орта мектеп (600 орынды); - «Достық» шағынауданындағы N69 орта мектеп (1200 орынды); - «Ақжайық» шағынауданындағы N59 орта мектеп (600 орынды).

  

Жалпы, 2017-2018 оқу жылында Шымкентте 132 мектеп, 88 балабақша жəне мектептен тыс 8 мекеме жұмыс істейді. Жаңа мектептер мен қосымша ғимараттардан бөлек, биыл қала бюджетінің қаржысына 118 мектеп жөндеуден өттi. Оған қоса 10 000 оқу партасы, 1000 тақта, 382 кітап шкафы сатып алынған. Мектептердің аумағын қоршау, жаңа спорт алаңшаларын салу мəселесі де шешiмiн тапқан. Қазiр 19 мектепте спорт алаңшаларының құрылысы жүргiзiлуде. Олар қыркүйек айында толық пайдалануға беріледi.IMG_3930

Биыл шаһардағы 64 мектепте робототехника үйірмелері жұмысын бастайды (19 үйірме - облыс бюджетінен, 45 үйірме - қала бюджетінің қаржысынан қарастырылған). Қалада жаңа мектептердiң құрылысы, жөндеу жұмыстарының барысы қала әкiмi Ғ. Әбдірахымовтың тікелей назарында болды. Есептi кездесулерде тұрғындар тарапынан осы спорт алаңшаларын салуға көптеген ұсыныс түсiп едi. Мiне, уақыт сәтiмен бұл мәселе де шешiлдi.

Сұхбат

PhotoRoom