Оңтүстіктегі кәсіпорын 186 трактор құрастырып шығарған

Жаңалықтар
26.09.2017, 22:19

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 жылы іске қосылған «Kaz Kioti» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған. Трактор құрастыратын және ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын зауыт өнімдеріне бүгінде сұраныс артқан. Келер жылдан бастап кәсіпорын өнімдерін Ресейге экспорттамақ.  Ашылған уақыт ішінде кәсіпорында  186 трактор құрастырылып, 138 бірлік ауыл шаруашылық техникалары шығарылды. Сонымен қатар, алаңы 4 гектар болатын жылыжайға каркастар жасаған.2a0049d7b45f353e03f333f9350999cb

Ордабасы ауданындағы «қазақ-түрік» индустриалды аймағында орналасқан зауыт Корея Республикасының инвесторларымен бірге іске асқан. Жылына бес мың трактор шығаруға қауқарлы зауытқа 7 млрд.теңге инвестиция тартылған. Мұнда 56 азамат жұмыспен қамтылған.

KIOTI тракторының беларусьтың «МТЗ» тракторынан айырмашылығы энергиясы көптігінде. Яғни, бұл тракторлар беларустық ауыл шаруашылық машинасымен бәсекелеседі. «Казкиото» таңбасымен шығатын тракторлар үш түрлі. Күш қуатына қарай 60, 80 және 100 деп бөлінеді. Болашақта сұранысқа байланысты аталған марканың күш қуаты 140-қа жететін трактор жасау.eb2a8d99-9d8e-41f4-9e86-693111569e6d

Бүгінде зауыт өнімдері өңірдегі «Амангелді» ЖШС мен «Green Land» сынды 500-600 гектар жерлері бар қожалықтарда PX1002PC-AU KIOTI маркалы тракторлары өз жұмысын көрсетуде. Зауыт сапаға қатты мән берген. Арнайы мамандарды Оңтүстік Кореяда оқытқан. KIOTI тракторларында 1969 жылдан Ford, New Holland, Kubota сынды әлемге әйгілі брэндтердің озық технологиясымен жабдықталған. Бұл трактордің ерекшелігі өте үнемді және ұзақ мерзімге шыдамдылығы, жүрісі жұмсақ, рөлі гидравикалы, трансмиссиясы жартылай автомат.d3910ac3-aaef-41d1-9164-6df8b66fab5e Кабинада бұрын соңды болмаған салқындатқыш орналастырылған және пеші бар, сырттағы қатты дауысты басатын арнайы әйнекпен жабдықталған, жалпы тракторшыға жағдай жасалған. Бағасына келер болсақ Корей еліндегі бағадан екі есе арзан алуға болады. Уақытында майын, фильтрлерін ауыстырып тұрса 15 жыл күрделі жөндеуді қажет етпейді.

Сұхбат

PhotoRoom