Қазақстанда авиация класы бойынша 662 ұшақ бар

Жаңалықтар
09.10.2017, 21:12

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында өткен арнайы брифингте вице-министр Роман Скляр еліміздегі шағын және орта авиацияның жағдайы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Брифингте жеңіл авиациядағы авиациялық апаттар туралы статистиканың өсу себептері, жалпы шағын әуе кемелер флотының жай-күйін бағалау, сондай-ақ әуе кемелерін сертификаттау процесін түсіндіру және оларды пайдалануға беру сияқты мәселелер айтылды.0s7a7751

Роман Склярдың айтуынша, Қазақстан Республикасының әуе кемелерінің мемлекеттік реестрінде шағын (жеңіл және өте жеңіл) авиация класы бойынша қазіргі уақытта 662 ұшақ бар, оның 382-і ұшу жарамдылығы туралы сертификатқа ие және ұшуға рұқсат етіледі. 2011 жылы 602 ұшақ, ал 2017 жылы 662 әуе кемесі тіркелді.

Шағын авиация халық шаруашылығындағы жұмысқа кеңінен тартылып келеді. Әсіресе, кен орындарын өңдеу, мал шаруашылығын бақылау, жайылымдарды бағалау, патрульдеу және құбырларды бақылау, ормандарды қорғау және санитария сияқты салаларда көптеп пайдаланылады. Кейбір пайдаланушылар жеке мақсаттарға, сондай-ақ спорттық және демонстрациялық мақсаттарға қолданады.0s7a7796

Жағымсыз статистиканың өсуін шағын әуе кемелері паркінің жылдам дамуымен, маусымдық және халық шаруашылығында қарқынды пайдаланылумен байланыстытыруға болады.

Сондай-ақ, әуе кемелерінің техникалық жағдайы оларды пайдалану мерзіміне және тозуына байланысты екені айтылды.

Дегенмен, дұрыс пайдаланып, уақтында және жоспарлы техникалық қадағалаулардан өткізіп отыратын болса, аппарат ондаған жылдарға дейін қауіпсіз қызмет ететін еді.

Бұл тұрғыда ең алдымен, дұрыс пайдалану оператордың немесе иесінің жеке позициясына және жеке жауапкершілігіне байланысты.

«Жағдайларға жасалған талдау 2017 жылы орын алған апаттардың сандық өсуіне қарамастан, апаттарға әкеліп соқтырған оқиғалар әртүрлі және себеп-салдарлық байланысы жоқ. Кей кездерде салалық проблемалар болады. Сондықтан, авиация саласында жүйелік дағдарысқа негіз жоқ»,-деп қорытындылады сөзін вице-министр.

Сұхбат

PhotoRoom