«Экспо-2017» халықаралық деңгейдегі ірі кездесулер өткізетін алаңға айналды — Л. Жұмағалиева

Жаңалықтар
11.10.2017, 17:39

cfb11306-270b-442c-aaa6-1b72e4c79add

Бүгін Үкіметте баспасөз конференциясы аясында ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізуге министрліктің үлесі туралы айтып берді

Оның айтуынша, «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізу кезеңі іс-шаралар мен халықаралық деңгейдегі кездесулер тұрғысынан мазмұнды болды.

«Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесі» аясында ҚР ИДМ 170 жуық іс-шара өткізді, олардың ішінде: 13 министрлердің сапары, 12 Ұлттық күн, үкіметаралық комиссиялардың үш отырысы, 76 екіжақты кездесу, вице-министрлердің қатысуымен 61 екіжақты кездесу», — деді спикер.

Ең маңызды іс-шаралардың ішінен ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары аясында 7-9 маусымда өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің IV отырысын атады, оның аясында $5 млрд астам сомаға 21 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

32008813921b873fa3fc8a3da49d7a3203c46166

Сондай-ақ, маусымда алғаш рет мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен екі елдің бизнес қауымдастықтарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Америка бизнес форумы өтті. Форум аясында бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізілді.

f84e5e549d35b0cb82d2bbca9bee48d6

Бұдан өзге, ГФР Президенті Ф.-В. Штайнмайердің Қазақстанға сапары аясында сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық жұмыс тобының XI отырысы және Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің X отырысы өткізілді. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша € 973 млн жуық сомаға 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

Нәтижесінде алдағы ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған «Экспо-2017» ең айтулы оқиғаларының тізімінде Қазақстан-Австрия экономикалық форумы, Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің ІІ отырысы, Қазақстан-Беларусь бизнес форумы, Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының кезекті отырысы, екі елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан-Польша бизнес форумы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссияның отырысы бар.

778fd60a-7cfa-4e32-94f2-6554d0aca7bb

«Өткізілген іс-шаралар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, инвестициялар тарту бойынша тәжірибе алмасуға, түрлі салаларда өзара тиімді бірлескен жобаларды әзірлеу мен іске асыруға, шағын және орта бизнес желісі бойынша байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді», — деп атап өтті Л. Жұмағалиева.

Оның айтуынша, 2017 жылы жалпы $4 млрд сомаға 12 жобаны іске асыру басталды.

«Бүгінгі таңда алғашқы қадам жасалды деп айтуға болады. Инвесторлардың Қазақстанға ақша салудың тиімді екеніне көздері жетті. Әрине, барлық келісімдер мен меморандумдар 100% іске асырылады деп айтуға әлі ерте. Инвесторлар Қазақстанға енді келіп жатыр, олар біздің инвестициялық ахуалымызды, құқықтық базаны зерттейді. Содан кейін ғана олар Қазақстанға қандай мөлшерде инвестиция салатыны туралы шешім қабылайды. Келесі кезеңге Инвестициялар және даму министрлігі мен Kazakh Invest толық жауап береді», — деп түйіндеді Л. Жұмағалиева.


www.primeminister.kz веб-сайтынан алынған


 

Сұхбат

PhotoRoom