Шымкент қаласында мобильді қондырғылар шығаратын зауыт салынбақ

Жаңалықтар
30.11.2017, 00:26

Отандық мамандар жасаған баламалы қуат көздеріне бағытталған жобаны Германия университеті қаржыландырады. Қазір Шымкент қаласында мобильді қондырғылар шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Тың технологияның көмегімен шалғай жатқан елді мекендерді таза энергиямен қамтамасыз етуге болады.

Сондай-ақ Қытайдың оқу орындары қазақстандық биогаз жобасына қызығушылық білдірген. Тіпті мамандар оны бірлесіп іске асыру үшін келісімге келген. Бұдан бөлек, жел генераторларының тиімділігін арттыру жобасы да қолға алынған.

Жұмахан Мырхалықов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры: – 1 тонна мұнай өндірілсе, 50 текше метр газ шығарылады. Ал егер шығарылған көгілдір отынды энергияға айналдырсақ, осы өндірушілер қолданатын энергияның 30 пайызын жабуға болатын еді. Қазір шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп, осы жобаны іске асыруға кірісіп кеттік.

Гүлзат Көбенова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры: – ЕХРО алаңында жоғарғы оқу орындары қатысып, келісім жүргізілді. Келісім сөздер әлі де жүргізілу үстінде. Тек қана 9 жоғарғы оқу орындары келісімшартқа қол қойды.

Сұхбат

PhotoRoom