Түркістан қаласының «Грандмикс» жиһаздары Ресей мен Қытайға экспортталмақ

Жаңалықтар
11.12.2017, 22:43

Түркістанның индустриалды аймағы... ел кәдесіне жарап тұр. Қазір мұндағы «Грандмикс» фабрикасының өзі... шетел жиһаздарындай тамаша бұйым шығарады. Жергілікті 100-ге тарта тұрғынды да жұмыспен қамтып отыр.

«Грандмикс» - Түркістандағы мақтаулы кәсіпорын. Сапасы жоғары, бағасы қолайлы жиһаз шығарады. Дизайны жағынан да Италия, Түркия өнімдеріне жетеғабыл. 4-5 адамның іскерлігімен үй жанынан ашылған цех бүгінде фабрика қуатында жұмыс істеп тұр. Қажетті құралдар Ресей мен Польшадан әкелінеді. Ал, кейбір ұсақ дүниелерді өздері осында шығарады. 84d8aaea6fd8c61bbaba338e8d83f383-460x260

Аталған кәсіпорын өзге де шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасып тұрады. Мұнда қазір Германиядан келген маман отандық шеберлерге жиһаз технологиясы мен сапасы жөнінде дәріс өтуде. Соның нәтижесінде сапалы өнімнің көлемі артып отыр.

«Грандмикс» өнімдерінің ел нарығына шыққанына - 15 жыл. Шағын цех болып, жұмыс бастаған зауыттың қазір 200-ге тарта ассортименті бар. Жылына 350-400 миллион теңгенің өнімін шығарады. Жиһаз зауытының қазір қосымша қоймалары салынуда. Бұйыртса, қазақстандық үй және кеңсе жиһаздары Қытай, Ресей мен Беларусь елдеріне экспортталмақ.

Сұхбат

PhotoRoom