ОҚО-дағы тұрақтандыру қорында 6 мың тоннадан астам азық-түлік тауары сақтаулы

Жаңалықтар
12.12.2017, 01:17

Қор мұндағы төрт мың шаршы метрлік қоймаларды жалға алып, алты жарым мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын сақтап отыр. Серіктестіктің жұмысымен танысқан өңір басшысы бағаны тұрақтандыруда заманауи қоймалардың маңызды екенін айтты. Бұған дейін тұрақтандыру қоры тауарларын Кеңес заманынан қалған қоймаларда сақтап келген болатын. Енді жаңа қоймада сақталған картоп сексен бес, сәбіз сексен, ал пияз елу теңгеден сатылып жатыр. 08b0beb2e0f61cdf9cfd79e7a3788d11_LАйта кетейік, мұндағы барлық тауарлар биржа арқылы сатып алынады. Екіжақты жасалған шарт бойынша сатушылар көкөністі өзінде сақтап, кейін сұранысқа сай осы қоймаға жеткізіп беріп отырады.

Маратбек Мырзамұратов, «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары: – Жалпы алғанда тұрақтандыру қорына 900 миллион теңге мөлшерінде 6,5 мың тонна тауар алып отырмыз. Оның ішінде картоп, пияз, сәбіз, шекер, бірінші рет ет алып отырмыз. Басқа да тауарлар бар. Тұрақтандыру қоры бүгінгі таңда қараша айының индексі бізге бекітілген Үкіметпен 101,1 пайыз болуы керек. Оңтүстік Қазақстан облысы 98,6 пайызбен қараша айын жауып отыр. Ол – жақсы нәтиже.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom