ӨҢІРДЕГІ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Жаңалықтар
04.10.2018, 11:10

«100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөнінде Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында  облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында журналистер тарапынан көптеген сауалдар жолданып, басқарма басшысы Марат Жұманқұлов тиісті жауап берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жұмыстарын түсіндіру мақсатында облыста аранайы штаб құрылып, жыл басынан бері 20 отырыс және Шу, Қордай, Жуалы аудандарында халықпен кездесулер өткізілген.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 115 қызмет беруші медицина мекемесі тіркеліп, оларға МӘМС жүйесі бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілген. 2017 жылдың 1 шілдесінен бері  232 мыңнан аса адам МӘМС жүйесі бойынша қызмет алған. Өңірде тегін медициналық көмектің  кепілдік көлемі 45 млн. теңгені құраған, оның ішінде 47 жекеменшік мекеме бар. Марат Сейітбекұлының айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан және Тараз қаласының әкімдері арасында келісімге қол қойылып,  8 айдың қортындысы бойынша 330 834 адамға МӘМС жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап, МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 10 430 үй араланған.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін түсіндіру бойынша ағымдағы жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы аудандық баспасөз ақпарат құралдарына түсіндіру бойынша мақалалар басылып шыққан.

-«Сонымен қатар, қаланың ірі және орта кәсіпорындарының ұжымдарына МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді («Арайстроймаркет», «Керамик-Инвест», «Жамбылхимстрой», «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС және т.б.). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», – дейді Марат Жұманқұлов.

 

Сұхбат

PhotoRoom