МИНИСТРДЕН БАСТАП ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Жаңалықтар
14.11.2018, 18:22

«Жалпыхалықтық диктант» өтті. Жалпыреспубликалық акция жаңа қазақ әліпбиін насихаттауға, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге дағдыландыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00-де (Астана уақыты бойынша) республика бойынша латын графикасы негізіндегі Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, республикалық акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және оған шамамен 2 млн. қазақстандық қатысты. Диктант бір уақытта республика бойынша өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда өтті. Байтақ елді қамтыған айтулы шараға Әулиеата  өңірінен  120 мыңнан аса азамат қатысты. Халықтың жаңа әліпбиге деген қызығушылығын арттырып, латын қарпінде хат таныту үшін қолға алынған шараға мемлекеттік қызметкерлер де атсалысты.

Мемлекеттік қызметкерлер халықпен тікелей жұмыс істейтін азаматтар болғандықтан латын қарпін олардың бірінші кезекте меңгеруі маңызды. Бүгін қолдарына қалам алып, алғаш рет латынша диктант жазғандардың арасында жастар да, орта жастан асқандар да бар. Бүгінгі шараның мақсаты - латын әліпбиіне көз үйрету, қол жаттықтыру, жазуға машықтану.

Мөлдір Ахметова, Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- «Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанынан жұмысшы тобы құрылды, бұл топ құрамында лингивист ғалымдар бар. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелері көмегімен Тараз қаласында, 10 ауданда алдын-ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік құралдар таратылды».

Бүгінгі акцияға облыс орталығы мен аудандардан түрлі сала қызметкерлері қатысуда. Олар денсаулық, білім, мәдениет тіпті, 15 жастан асқан оқушылар да бар.

- «Қазіргі уақытта латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңмен 2025 жылға дейін орындалатын болады деген шешім қабылданды. Латын әліпбиін пайдалануға өзімнің әріптестерімді, облыс жұртшылығын қорықпауға ешқандай шошымауға шақырамыз»,- деді Құдайберген Рысдәулет, Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ, оқушыларды көптілділікке үйрету мақсатында респбуликалық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті. Онлайн жиында көптілділік білім беру жағдайындағы мәселелер талқыланып, шет тілін оқытудағы иннновациялық әдістер туралы айтылды.

Жамбыл облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова, бұл конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасында көптілді енгізу бойынша үздік педагогтердің тәжірибесін зерттеу және тарату екенін айтып өтті.

Оқушыларға арналған конференция көптілді білім берудің маңызды сұрақтарын талқылауға мүмкіндік берді. Ал, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі - әлемдік кеңістікте қазақтілді ортаның көкжиегін кеңейте түседі деген сенім бар.

Диктанттың тақырыбы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Мәтін 80-ге жуық сөзден тұрады. Диктант аяқталғаннан соң мәтіннің жазбаша нұсқасы emle.kz, tilalemi.kz сайттарында жарияланып, әр қатысушы өзінің жаңа қазақ әліпбиін меңгеру деңгейін тексере алады.

Сұхбат

PhotoRoom