ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ - БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ

Аймақ
17.11.2018, 00:00

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек» деген болатын. Елбасы жүктеген осы міндетті  іске асыруға арналған  алқалы жиын Байзақ аудандық әкімдігінде өтіп, онда Жамбыл  облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ернар Есіркепов  баяндама жасады.

Баяндамашы Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарына тоқтала келе,

Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары мен компания басшыларының төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты Үндеуін қолдаушылар қатары күн санап өсіп отырғандығын әңгімеледі. Мұнымен қатар, Ернар Серікалиұлы осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру үшін облыстық штаб, аудандар мен Тараз қаласында жұмысшы топтары  құрылғандығын жеткізді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Жамбыл облысы бойынша 250-ден асатын жұмыскерлері бар 95 кәсіпорындар мен мекемелерде 27264 адам  50 мыңға дейін, оның ішінде 62 мемлекеттік мекемелерде 25023, 33 жекеменшік кәсіпорындарда 2241 адам жұмыс жасайды екен. Ал 250-ге дейінгі жұмысшылары бар 1847 кәсіпорындар мен мекемелерде 16740 адам 42500 теңгеден төмен жалақы алады. Соның ішінде 10 мемлекеттік мекемеде 206, 1837 жекеменшік кәсіпорында 16534 адам бар екендігіне баяндамашы екпін сала отырып, жалақыны арттыру мәселесіне қатысты облысымыздың барлық елдімекендерінде түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, еңбекақыны көтеру барысында ұжымдық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы да айтты.

Жиында аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова бұл бағытта ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстардан ақпарат берді.

Сұхбат

PhotoRoom