ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫ ПӘТЕР АЛУШЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЕСКЕРУДЕ

Сұхбат
21.11.2018, 00:11

 

«7-20-25» бағдарламасымен банктен 7 пайыздан аспайтын ипотеканы, яғни баспананы алу мүмкіндігі Қазақстанның кез келген қаласында тұрақты жұмысы немесе кәсібі бар, тек басында заң жүзінде баспанасы жоқ азаматқа беріліп отыр. Бұл жеңілдікті пайдалануға жамбылдықтарға қандай құрылыс компаниялары қол ұшын созуда? Жамбыл өңірінде - Тараз қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй салып, құрылыс жүргізіп жатқан компания өкілі «Бином» ЖШС бас директорының орынбасары Мәди Изенбаев бүгінгі «Сайгез» қонағы, жоғарыдағы және басқа да сауалдарымызға жауап береді.

 

 

- Мәди Қасымбекұлы,  алдымен осы күндері атқарылып жатқан жұмыстарыңыз жөнінде айтсаңыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша құрылыс қарқыны қалай жүруде?

- Осы біздің Тараз қаласында Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен, қолдауымен шығып жатқан «7-20-25» мынау қолжетімді баспана бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта нақты айтатын болсақ, Тараз қаласы Сүлеймен көшесінің аяғында үлкен аумақты жерде өзіміздің жобаменен өзіміздің үй-құрылыс комбинатында құйылып жатқан құрылыс материалдарымен қазіргі заман талабына сай құрастырмалы үй дейміз казіргі крупнопанели деп айтуға болады, сондай үйлерді қазір соғып жатырмыз. Ол құрылысты біз былтыр бастағанбыз, казіргі уақытқа дейін оның 6 үйін соғып бітірдік. Сол 6 үйдің ішінде де осы бағдарламаға байланысты біз 37 пәтерді саттық. 37 пәтер өтті. 37 пәтер бұл бағдарлама июль айынан басталды ғой, июль айынан осы 3 айдың көлемінде 37 пәтерді біз сатып үлгердік.

-«7-20-25» бағдарламасы бойынша кез келген компания осы құрылыс жүргізе ала ма, әлде мемлекет пен компанияның арасында белгілі бір келісім-шарт болу керек пе?

- Енді бұл бағдарлама бойынша барлық құрылыс компаниясы жұмыс жүргізе алады, бірақ мемлекет пен арадағы қатынас емес бұл банкпенен бар бізде келісім-шарт.

- Аа келісім-шарт банкпен болу керек?

-Келісім-шарт банкпен болу керек, өйткені бұл соғылған үйлерді сол банк арқылы сатылады. Өйткені банктен несие беріледі, сол банктен алған азаматтар осы үйлерді ала алады.

- Енді қараңыз, біздің көрермендеріміз Тараз қаласының тұрғындары ғой көбіне, осы казір сіздердің компанияларыңыз қандай-қандай банктермен келісім-шартқа отырған? Яғни, сіздерден үй алғысы келетін тұтынушы тұрғындарымыз қай банкке барса болады?

- Казіргі енді мұнымен тұрақты түрде айналысып жүрген ол Құрылыс жинақ банкісі ғой, біз сол банкпен жұмыс істеп жатырмыз. Біздің мынау келіп, пәтерлерді бізден келіп көреді, пәтерді ұнағаннан кейін біз түсіндірме жұмыстарын жіргіземіз «7-20-25» бағдарламасы бойынша. Одан кейін біздің талаптарымызбен, біздің қойылған бағаларменен банкке барып, ары қарай жұмысын жалғастырып алуға мүмкіншіліктер туады.

- Жақсы. Компанияңыз үй салғанда осы мемлекеттік бағдарламаларға деп басқа баға қоясыздар ма, әлде нарықтағы бағаны ұстай бересіздер ме?

- Бұл жеке меншік компания болғаннан кейін біз нарықтағы бағаны қоюға құлшынбаймыз. Өйткені біз нарықтағы бағадан төмен болуымыз керек. Өйткені біз пәтерлерімізді, үйлерімізді жылдам сатуға тырысуымыз керек. Өйткені жылдам жүрген сайын біз ол түскен қаражатты алдағы үйлерге алдағы құрылыстарымызға болашағымызға болмаса алдағы жобаларға салуға тырысамыз. Сонда біздің бағамыз нарықтан төмен болу керек. Өту уақтысы жылдам болады бізге.

- Жақсы. Мысалы сіздер бірнеше үй тұрғызып, оны сатып жатырсыздар. Енді сіздердің жаңа өзіңіз айтып отырсыз 37 пәтер өтті деп осыған дейін. Осы тұтынушыларыңыз, яғни тұрғындар таңдауға келгенде үйдің қандай жағына қарайды? Сапасына қарай ма?..

- Енді біздің пәтер алушыларымыз келген уақытта әрине ол ауданы бір бөлек сапасына қарайды. Біздің казіргі соғылып жатқан пәтеріміздің жобадағы өте кең, жылы, барлық желілер жүргізілген; су құбыры, газ құбыры, электр желілері бәрі тартылған. Сондықтан пәтер таңдаушылар тартынбай алады да. Өзінің таңдағанын алады, өйткені болашағына үміт артады.

- Осы тұста бір заңды сұрақ туындайды. Сіздердің қазіргі сатылымдағы пәтерлеріңіздің шаршы метрі қандай, көлемі және бағасын қаншадан қойып отырсыздар дәл қазіргі таңда?

- Қазіргі таңда біз айтатын болсақ, мысалға екі бөлмелі пәтер бізде 61 шаршы метрді құрайды. Ол біздің бағаменен 7 миллионның көлемінде болады. 7 млн болғанда айтатын болсақ..

-Неше бөлмелі пәтер?

- Екі бөлмелі пәтер. Бұл жаңағы бағдарламамен айтатын болсақ 20%-ы 1 400 теңгені құрайды. Сол  1 млн. 400 мыңды алдын ала құйған болса, осы пәтердің иесі бола алады. Ал енді 3 бөлмелі пәтерді айтуға болады, ол бізде 81 шаршы метрді құрайды, бұл 10 миллион көлемінде тұрады. Бұл пәтердің алдын ала төлемақысы 20%-ы 2 млн. 187 мың теңгені құрайды.

- Яғни банкке құю керек..

- Құю керек алдын ала, ал енді мынау көпбалалы семьялар бар оларға 4 бөлмелі пәтерліктерге де сұраныс өте көп, олар 104 шаршы метрді құрайды, ол 14 млн. шамасында тұрады. Оның  20%-ы банкке төлеуі 2 млн. 800 мың теңге тұрады, соны құйса осы пәтердің иегері болады. Әрине бұл бағдарлама бойынша осы бағалар тек қана тұрғылықты баға емес, аздаған ауытқушылықтар болуы мүмкін ...

- Нарыққа қарайсыздар.. саудаласасыздар..

- Нарыққа қараймыз, келген азаматтардың жағдайына да қараймыз, ең маңыздысы, үйді жылдам сату үшін, келген пәтер алушының барлық жағдайын қарастырамыз. Соған қарай біздің бағамыз аздап болса да өзгеріп тұрады. Негізі, осы бағдарлама іске қосылғалы құрылыс компаниялары пәтер алушының жағдайын ескеруде.

- Дұрыс екен. Аға, қазіргі таңда неше пәтер дайын тұр, мысалға?

- Бүгінгі таңда бізде 36 пәтер бар. 36 пәтердің 6-ы делдалдармен алдын ала төлеммен бекітіліп қойылған. Ал 30 пәтер бізде қазір бар, оның ішінде 2-бөлмелік, 3-бөлмелік пәтерлер де кездеседі. Жұрт компаниямызға келсе, біз оны көрсетіп, тұрғындарға түсіндіре алатын жағдай жасалған.

- Бүгінде көпшіліктің көкейінде де бір сауал тұруы мүмкін, оның ішкі құрылыс жұмыстары қаншалықты, қай деңгейде мысалға? Сол пәтерлерге қандай жұмыстар керек қосымша?

- Қазіргі мынау 30 пәтер деп айттым ғой дайын тұрған, оны келіп көру керек, ішкі сылағы, терезесі, есігі, әрлеуі, есік-терезесі, мынау еденнің бетіндегі жаппасы бәрі түгелі тұр. Тек қана бізбен келісім-шарт жасап банкпенен бізбен осы жұмыс істесе, ол кісілер сол пәтер иесі бола алады. –

- Жаңағы сіздер салып жатқан Сүлеймен көшесіндегі үй, соған баратын жол, жарықтандырылуы қаншалықты инфрақұрылымы қандай деңгейде?

- Казіргі инфрақұрылымы сол ол аумақта газ желісі, су құбыры жүргізілген, электр желісіне қосымша подстанция соғылған, ол да казір іске қосылды. Барлық үйге жылу тартылған, бізде екі қазандық бар сол жерде өзімізде газбен қолданылатын, сол екі қазандықтан жылу алады.  Көшеде асфальттары салынған, кешкі көше жарығы да іске қосылған, адамдарға тұруға жағдай жасалған.

- Баспананы Тараз қаласында салып жатырсыздар, бұл өңір сары аязы сақылдап, ақ бораны бір ұлып тұрған жер емес, десе де үйдің сапасы дұрыс болғаны жақсы. Сіздер қай жақтың, қай мемлекеттің тәжірибесін қолданып салып жатырсыздар осы тұрғын үйлерді?

- Бұл тәжірибе бізде бұрыннан мына одақ кезінен келе жатқан тәжірибе. Біз құрастырмалы үй дейміз, орысша айтқанда крупнопанельный үй дейміз ғой, сондықтан біздің соғып жатқан үйіміздің үлгісі құрастырмалы. Бұл құрастырмалы тұрғын үй. Мұның негізі, материалдары өзіміздің мына Бектөбе ауылында үй-құрылыс комбинатымыздан алынады, сол комбинатта германдық қалыптарға құйылып, сол үлгіде шығарылады. Дені құрылыс материалдарымызды сонымен салып жатырмыз. Арнайы көліктерменен құрылыс басына жеткізіледі, ары қарай жұмысшылыр іске асырамыз.

- Рахмет, Мәди Қасымбекұлы. Халық игілігі жолындағы істеріңіз өркендей берсін!

 

Сайгез-Ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom