Жақсыбеков дінбасылармен кездесті

Жаңалықтар
09.12.2014, 13:41

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков дінбасыларымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. Кездесудің мақсаты - қала басшысының дін басыларымен және діни ұйымдардың қызметімен танысу.

Астана қаласының басшысы Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға, адамдардың бір-біріне деген толеранттылығына ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Жақсыбек

Бүгінгі таңда елордадағы діни жағдай оң бағытта дамып келеді. Дін басылармен диалог орнатылды, көп конфессиялық келіспеушілік фактілері тіркелмеген.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары, маслихат депутаттары, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кеңесте Астанада конфессияаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы өкілдігінің қаладағы жұмысы, қоғамдық институттардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы ролі сөз болды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаалалық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берілді, сондай-ақ, Кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.

Сұхбат

PhotoRoom