Түркі академиясында академияға мүше елдердің стратегиялық зерттеу орталықтары басшыларының алғашқы отырысы өтті.

Жаңалықтар
26.04.2019, 05:30

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында академияға мүше елдердің стратегиялық зерттеу орталықтары басшыларының алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Халықаралық қатынастар талдау орталығының Басқарма төрағасы Фарид Шафиев, Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің анализ және стратегиялық талдау басқармасының басшысы Гусейн Гусейнов, Түркия Республикасының «ANKASAM» стратегиялық зерттеу орталығының директоры Эрол Сейфеттин, Әзербайжан Республикасының Ұлттық мәжілісінің депутаты Муса Гулиев,

Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы әлеуметтік зерттеу орталығының ғылыми хатшысы Қайратбек Джамангулов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директоның орынбасары Санат Кушкумбаев және белгілі саясаттанушы, әлеуметтанушы ғалымдар қатысты. Отырыс барысында Халықаралық Түркі академиясының алдағы жоспарлары мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сұхбат

PhotoRoom