ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың жұмысын депутаттар оң бағалады

Жаңалықтар
05.08.2015, 14:13

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

11838627_1446996288961313_3985976601198116110_o
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан жылға артып жатқанын айтқан өңір басшысы алты айда 286,1 млрд. тегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 40,4 млрд. тг. артқанын мәлімдеді. Ал, индустрияландыру картасы аясында іске қосылған 137 жобаның 130-ы жүз пайыз қуаттылыққа жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ОҚО республикада алдыңғы қатарда. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында іске қосылған әрбір бесінші жобаның облыс үлесінде деді.

Өңір басшысы индустрияландырудың екінші бесжылдығында 851 млрд.теңгеге 104 жоба енгізіліп, 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биылғы жылы жоспарланған 36 жобаның бүгінге дейін 5 жобасы пайдалануға беріліп, нәтижесінде 1270 жұмыс орны ашылды.

Шымкентте 337 га аумақта орналасқан «Оңтүстік» индустриалдық аймағында 45 кәсіпорын жұмыс істеуде. Онда 3,3 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 19,3 млрд. тг. инвестиция тартылды. Қазіргі таңда 27 жобаның құрылысы жүргізілсе, бюджеттік бір теңгеге 13,2 тг. жеке инвестиция тартылады. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде бұл аймақ ең үздік және толыққанды істеп тұрған жоба ретінде бағаланды. Бүгінде облыс орталығында жаңадан «Тассай», қазақ-түрік және Бадам индустриалды аймақтары құрылған.

Сессияда өңір басшысының жұмысын оң бағалаған мәслихат депутаттары жаңа жүйе бойынша ауыл әкімдері мен жергілікті жауапты қызметкерлердің қатысуымен кеңейтілген есепті мәжіліс өткізіп, аудан, қаладағы өзекті мәселелерді талқылауын тиімді бастама деп қолдау білдірді. 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom