Әкімдік күзетшісі атылып қалды

Жаңалықтар
21.12.2015, 10:26

Ақтау әкімдігі күзетінің қызметкері жұмыс орнында өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы "Тумба" порталы қаланың криминалдық полициясындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Дереккөздің мәліметінше, қайғылы оқиға өткен демалыс күндері болды. Күзетші әйел өз-өзіне қол жұмсаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз табель қаруынан атылып өлген.

Оның бұл іске не себепті барғанын тергеушілер анықтап жатыр. Расталмаған мәліметтер бойынша, қаза тапқан қыз онкологиялық аурумен ауырған. Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр.

tengrinews.kz

Сұхбат

PhotoRoom