Шымкенттегі сорғы зауыты отандық және шетел нарығын қамтып отыр

Аймақ
14.04.2016, 21:28

12985391_956504394465900_1595048342331813316_nШымкенттегі «Karlskrona LC AB» серіктестігі отандық нарықта он жылдан бері қызмет етіп келеді. Кәсіпорын — дискілі бұралмалы бекітпелер мен сорғылар өндіретін бірден-бір өндіріс орны. Жылына 6 мыңнан аса тауар шығарады. Отандық сұранысты толықтай қамтуға қауқарлы. Облыс тұрмақ, республикадағы үздік кәсіпорын шетелдің тапсырысын да қанағаттандырып отыр. Бүгінге дейін өнімдерін Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері пайдаланып келеді. Алдағы уақытта Бадам индустриалды аймағында тағы бір өндіріс ошағын ашпақшы.

Ғалымжан Үсенбаев, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і заң департаментінің басшысы;

«Біздің өнім, оны өндіру технологиясы ТМД елдері бойынша жоқ. Бірінші артықшылығымыз — ғылыми дәлелденгені, екіншісі — жоғары технология».

13010591_956504307799242_5540747233001484095_nЗауытта 3 өндірістік цех бар. Онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Жалақылары да көңіл қуантарлықтай. Қызметкерлер Германияда тәжірибе жинақтаған. Әр тоқсан сайын қосымша біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.

Дискілі бұралмалы бекітпелер су құбыры жұмыстарына көптеп пайдаланылады. Ал, «Зулзер» консольді сорғыларына сұраныс тіптен жоғары.

Сапалы сорғының қазір жылына 7500-і, ал, бұрылмалы бекітпенің 6000 данасы өндіріледі. Бәріне бес жылдық кепілдік бар. Жарамдылық мерзімі 20-30 жылдан асады. Отандық өнім осы себептен де жан-жақты сұранысқа ие.

 

Сұхбат

PhotoRoom