Шымкенттіктер жеміс ағашын отырғызды

Аймақ
17.04.2016, 20:29

Шымкент-бау-бақша қаласы. Осылай деген қала тұрғындары бүгін арнайы сенбілік өткізіп, жұдырықтай жұмыла ағаш отырғызды.Шараға қазыналы қарттар, халық қалаулылары мен жастар да ат салысты. Бас-аяғы 600-ге жуық жан Шымшаһарды шырайлы ету үшін қолынан келгенінше аянбады.

Қала сәулетіне сән қосу. Бұл - аталмыш бастаманың негізгі мақсаты. Сонымен қатар, күйбең тіршілік қамымен кеткен қала тұрғындарын бірлікке шақыру да - тағылымды іс. Акция аясында қала халқы 600 түп жеміс ағашын отырғызып, мәз-мейрам күй кешті. Ал, аға буын өкілдері тұщымды ой айтып, ел болашағы үшін кейінгі ұрпақты бір болуға үндеді,-деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Батырбековтер отбасы үшін бүгін ерекше күн. Таңсәріден оянып, аула тазалығына көңіл бөлді. Көрші-қолаңмен бірлесе көшет отырғызып, айналаны қоқыстан тазартты. «Бау-бақша акциясы- өскелең ұрпаққа өнеге»,- дейді жас жұбайлар. Айта кетейік,  акция аясында отырғызылған көшеттер енді әрбір отбасы тарапынан арнайы күтімге алынады

Сұхбат

PhotoRoom