Шымкенттегі субұрқақтар 20 сәуірде қосылады

Аймақ
18.04.2016, 23:08

Шымкенттегі су бұрқақтары 20 сәуір күні іске қосылатын болды. Коммуналдық қызметшілер алдағы күндері ауа райының ыстық болатынын алға тартып, 23 субұрқақты қосуды жоспарлап қойыпты.0023

Айта өтейік, шаһардағы фонтандардың екеуі «ән салып, би билейді». Былтыр іске қосылған екі субұрқақ та қалалықтарды қуантуға дайын. Әдеттегіден он күн бұрын қосылатын фонтандарды күтіп баптауға 125 млн теңге бөлінген, - деп жазады otyrar.kz.1864ed

Ал субұрқақтарды күтіп-ұстау жұмыстары «Жасыл қала» мекемесіне жүктелген. Мамандар әрбір фонтанның қосылуынан бастап 31 ұңғыманың таза болуына жауап береді. Мамандар, сондай-ақ, алдағы уақытта халық көптеп демалатын саябақтардан бөлек аллеяларда субұрқақтардың саны артатынын айтып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom