Шымкент қаласының басшысы Өзбекстан елшісімен кездесті

Аймақ
28.04.2016, 21:33

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровпен кездесті.

5721eccf30e44 Екі жақты кездесуде шаһар басшысы Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірегей жобаларға көршілес елмен инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға дайын екендігін жеткізді. Өз кезегінде қос тарап бірқатар сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық туралы әңгімелесті.

Сұхбат

PhotoRoom