Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай қала әкімдігінің қолдауымен 5 мың шаһар тұрғыны қатысқан марафон өтті.
Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Royal club» фитнес клубының алдынан «Наурыз» алаңына дейінгі 5 шақырымдық марафонға шаһардың жастарынан қарттарына дейін белсенділік танытты,-деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шынықсаң шымыр боларсың
Ең жас қатысушы 8 жаста
Шымкенттің шымыр ұландары
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов марафонның марапаттау рәсімінде сөз сөйлеуде.
«Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.»
«Біздің баға жетпес байлығымыз – бірлігіміз. Татулық – тұрақтылықтың ең басты тұғыры. Ал, тұрақтылық – ұдайы дамудың бірден-бір кепілі.», – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.