Шымкенттегі тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарлары жеткілікті

Аймақ
04.05.2016, 21:29

Бүгінде облыста бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған штаб жұмыс істеуде. Сонымен қатар, баға тұрақтылығын сақтап, тұрғындарға арзан әрі сапалы азық-түлік ұсыну мақсатында Шымкент қаласында әр аптаның сенбі және жексенбі күндері жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтардың қатысуымен жәрмеңке ұйымдастыр0b8ab8931471e3b4f3c301fcad7b73deылуда. Аталған жәрмеңкенің бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға төмен.

Тұрақтандыру қорынан тауарларды сатудың тиімді жүйесі жолға қойылған. Бүгінге тұрақтандыру қорында 4 мың тн -ұн, 1 657 тн – картоп, 390 тн – басты пияз, 93 тн – сәбіз, 33 тн – күріш, 83 тн – макарон өнімдері, 1056 тн – құмшекер, 189 500 л – күнбағыс майы бар. Аталған тауарлар, шамамен ағымдағы жылдың тамыз айына дейін жеткілікті.

Азық-түлік тауарлары «Шымкент ӘКК» ҰК» АҚ арқылы Шымкент қаласындағы 10 базар мен 8 сауда нүктелеріне және аудан, қалаларға жеткізілуде.

Бүгінгі күні, облыста азық-түлік тауарларына жетіспеушілік байқалмайды. Барлық сауда орындарында әлеуметтік ахуал тұрақты.

Сұхбат

PhotoRoom