Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылатын қала. Бүгінде мұнда 543 кәсіпорын тіркелсе, оның 83 ірі және орта, ал 389 шағын және 71 қосалқы кәсіпорындар болып отыр.
Мұндағы өндірістік кәсіпорындармен 70,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артқан.
Сонымен қатар, шаһарда өнеркәсіп саласында «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту үшін Шымкент қаласында іске асырылатын жұмыстар туралы келісім шарт бекітіліп, 2016 жылы Индустрияландыру картасына енген жалпы сомасы 26 млн. теңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда жобаларға мониторинг жұмыстары жүргізілуде.