Шымкентте жыл басынан бері 3 млн. теңгеден астам ауылшаруашылық өнімі өндірілді

Аймақ
05.05.2016, 21:36

eier auf strohШымкент қаласының жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің көлемі 62  219 га құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 41  033 га, жайылым 19  523 га, шабындық 244 га, көпжылдық екпелер 1  023 га және басқа мақсаттағы жерлер 396 га.

2016 жылы көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 520 тонна жанар-жағар май бөлініп, үш айда 167 тоннасы игерілген, яғни 31%.

Статистикалық мәлімет бойынша 2016 жылғы 1 сәуірге 3 026 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,8 пайызға артты.

Барлық санаттағы ауылшаруашылық құрылымдарымен 2  518,7 тонна мал мен құс еті, 8  353,8 тонна сүт, 32  295,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет 6,7 пайызға, сүт 4,9 пайызға артық өндірілген ал жұмыртқа 9,3 пайызға кем өндірілді.

Сұхбат

PhotoRoom