Қос бірқазан Шымкент зообағына тапсырылды

Аймақ
06.05.2016, 22:56

e745ceb69a524d3676753874293da484_LСемейдегі биологиялық орталықтың қос бұйра бірқазаны Шымкент зообағына жол тартты. Табиғат еркелері пойызбен арнайы қораптарда жөнелтілді. Құстардың жолдағы жай-күйі үшін алаңдайтын негіз жоқ, барлық тасымал талаптары сақталған,-деп хабарлайды 24.kz. Оңтүстікқазақстандықтар өз әріптестеріне құр қол келмепті. Шымкенттік тауыстар енді Семей табиғатына бейімделетін болады. Бірқазандар биологиялық орталыққа өткен күзде әкелінген болатын. Ол кезде балапандар жылы жаққа ұша алмай қалып, табиғат жанашырлары осында тапсырған еді.

Әйгерім Елемесова, биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі: - Бізде оларды күтіп баптау үшін үлкен аумақ жоқ. Қазір көктем кезі олар далаға шығаруы керек. Құстарға үлкен бассейн керек. Су жануары болған соң, табиғаттың иісін сезінуі керек. Сондықтан оңтүстік жақта өздерін жақсы сезінеді деп ойлаймыз.

Сұхбат

PhotoRoom