Шымкенттегі есік-терезе зауыты жылына 10 мың тонна өнім өндіреді

Аймақ
08.05.2016, 01:31

Шымкенттегі «ASPAN profile» – жетекші компания  алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қолдана отырып, терезе және есік құрастыруға қажетті РВХ-профильдер және терезе алды тақтайшаларын шығарады. Бағасы қалтаға қонымды. Өндірістегі жаңашылдық компания жуырда жаңа цехты іске қосты. Темір профильдер жасайтын бұл цехтың өніміне шетелдік мамандар  оң бағасын берді.  Шымкенттегі есік-терезе зауыты жылына 10 мың  тонна өнім өндіреді. Серіктестік бүгінгі таңда Австрия, Италия, Германия, түркиялық кәсіпкерлермен әріптестік байланыс орнатқан. Кәсіпорынның кәсіби деңгейіне қанық шетелдік мамандар зауыт шығарған есік-терезе жақтауларына оң бағасын берді.

Сапасы жоғары ірі кәсіпорынның басшылығы әлемдік нарыққа шығуды көздейді.  Тауар айналымын әлден ұлғайтуда. Мемлекеттік қолдау арқасында өндіріс қуаттылығын екі есеге арттыруды да көздейді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін өркендеткен компанияда ашылған жаңа темір профиль шығаратын цехті  профильді толық кесіп, шығарып береді. Бастапқыда бұл темір профильдерді зауыт Қытайдан, Ресейден алып келген. Енді өздерінде өндіріліп отыр. Мұнда темір профильдің 30 түрі шығарылады.  Қазақстандағы өндірілген өнім көлемін 68 пайызға жеткізген.  «РВХ-профильдерін шығарып жатқан зауыттың қарқыны еліміздің экономикасының өсуіне, сондай-ақ жергілікті өндірістің дамуына елеулі үлесін қосып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom